29.08.2022
  109


Автор: Талғат Орманов

АҚ ТІЛЕК

Білгенге өмір тек жарыс,
Таразы тірлік бек табыс.
Алладан тіле амандық,
Елуге келдің – Ақарыс.
Ендеше тойды тойлайық,
Мәнді де сөзге бойлайық.
Азамат болды – Тәңірберген,
Ертеңін ұрпақ ойлайық.
Жұғымды жайды бағалар,
Нұрмахан, Ғазиз ағалар.
Әулетте дара Бекмұрат,
Саттарды талай сағалар.
Ер жаста жүрсің еленіп,
Қосақпен баққа кенеліп.
Жүз жаса бауырым, көріңдер,
Үрилаш шуақ бөленіп.
Мерейтой бүгін жарыла,
Жүрсейші досты сағына.
Елена жеңгем Бекарыс,
Келген ғой әулет бағына.
Тірліктен күйкі азардай,
Тәуір іс бітпес тазармай.
Төріңнен досым Молдабек,
Табылған Сайын, Базарбай.
Тірлігін тәуір талдаған,
Кезі жоқ елдің алдаған.
Ғалымға риза әкім мен,
Кәсіпкер мешіт салмаған.
Тілекті ізгі қостармын,
Ақын боп топты бастармын.
Ынтымақ түбі – бірлікте,
Ұмытпа әркез дос барын.





Пікір жазу