29.08.2022
  73


Автор: Талғат Орманов

ДӨП ТИЕР АТСАҢ ЖАЛҒЫЗ ОҚ

Ақынмын дейді, арын жоқ,
Ақынмын дейді, сарын жоқ.
Ақынмын дейді, халыққа,
Айтатын мұң мен зары жоқ.


Ақынмын дейді, ары жоқ,
Ақынмын дейді, қарны тоқ.
Мақтатып қойып марқаяр,
Бір түйір бойда дарын жоқ.
Қозғаған дертті сыздаған,
Қарамас ұл ма, қыз балаң.
Шерменде өмір ақында,
Шуағын көңіл қызғанбан.
Көкжиек әлем оған тар,
Арқалы жырға халық зар.
Жырымен жұрттың қозғаған,
Мұң-зары ұлттың, ождан-ар.
Жазғаны боран, ақша қар,
Ақпанда соқса ықтап жар.
Дірілдеп, үсіп, сау қалсаң,
Тәтті өмір шайдай қосқан бал.
Сораптап ішсең қанбассың,
Малшынып терлеп тоңбассың.
Дүние қусаң шерменде,
Ұмытсаң Алла оңбассың.
Ақындар білсең нысана,
Дөп тиер атсаң жалғыз оқ.
Рухынан жүргін күш ала,
Жігерлі болсаң бәрі шоқ.
Не керек саған сұрасай,
Тер, - дейді Тәңір нәсіпті.
Әрекет ет те құрасай,
Таңда да тәуір кәсіпті.
Сабырлы бол да төзімді,
Доғарғын мылжың сөзіңді.
Заманда тұрған жоқ нәрсе,
Қолға алсай бауырым өзіңді.
Биікке қайтіп шығарсың,
Айтқанды кештеу ұғарсың.
Біреуден көріп бәлені,
Түбінде қаусап тынарсың.
Жүрекке білсең от керек,
Ілім де білім, мол дерек.
Болмасаң шыға алмайсың,
Тұсынан нарық тым зерек.
Терлеп бір тапқан тиынды,
Тірнектеп жиған қиын-ды.
Топырлап келген жанашыр,
Тонауға тағы жиылды.
Айтқаны болмай жиында,
Тауықтай ми жоқ миында.
Пердесі беттер ашылып,
Жұлынып жолда қиылды, ә.
Айтады дос та ақылын,
Тартқандай тұлпар тақымын.
Қатыны «бұл-бұл» сайрайды,
Осы ма? досым-жақыным.
Ұят қой бауыр, Алладан,
Нақақтан жұққан жаладан.
Ақ-қара кімнің екенін,
Тәңірім ақтар наладан.
Демеймін сырттан қарала,
Салғанмын тұнық жарала.
Бұлақпын мөлдір талайлар,
Сусап бір ішкен сарала.
Қатынды тыңдап жын-сесті,
Не келсе соны мың бөсті.
Айылды жимай оқыған,
Үйдегі одан мың есті.





Пікір жазу