29.08.2022
  101


Автор: Талғат Орманов

БЕЙТАНЫСТАРҒА

Тасқа атын жаздырып,
Дара тұлға болғандай.
Дәстүрлі ғұрып аздырып,
Талай төрге қонғандай.
Сақал қойып иекке,
Қауқарсыз жан үйірген,
Қалың елге күйік те?
Бұл не мазақ бүйірден!..
Мысық тілеу жандарға,
Ішім у-дай ашыған.
Кейпі адам «паңдарға»,
Қауым қазақ ашынған.
Өз үніңді таппасаң,
Тыраштанба ышқынып.
Тіл, дініңді сатпасаң,
- Болды, - жүрсей іс қылып.





Пікір жазу