29.08.2022
  106


Автор: Талғат Орманов

БҮГІНГІ КҮН

Сен жүрсің дүние қуып, өмір пасық,
Мақтанасың, мақтатып көңіл тасып.
Біз жүреміз пенделікке басты иіп,
Әруаққа сиынып, арман асып.
Сендерде баю мақсат, бағыт бақсақ,
Отаншыл, рух-жігерлі келеді ақсап.
Өркениетке ұмтылған ойлан бала,
«Мейірімнен жұрдай-ау» емес жақсы ат.
Достың жүзін еш төмен қаратпаймын,
Жылпостарды жанымда жаратпаймын.
Бай да, кедей болу да өз қолымда,
Өмірім Ар мен Ұят парықтайын.
Пайым берген білсең Алла құлымын,
Тірлік шүкір, оңалуда пікірім.
Арманы асқақ жастар көрсем жымиям,
Мақсаты айқын, Азат елдің ұлымын.





Пікір жазу