29.08.2022
116
ҚОС ҚАНАТ
Ұжымыма қос ару қыз қосылды,
Мөлдір көздер таңқалдырмас тосын-ды.
Үйреніңдер біз білгенді сіміріп,
Сіңірген соң, аңдатыңдар жасын-ды.
Құралайға теңесем бе, киікке,
Жүрген дұрыс кейде сырды түйіп те.
Тіршілікте төзім берсін бір Аллам,
Кез келгенде бақ береді үйіп те.
Қазақ қызын балайды екен ұяңға,
Жат жұрттық деп аялайды – ұялма.
Қос қанатқа өздеріңді баладым,
Биік самған жетіңдерші қиялға.
Әсел айым, Нүрила қыз құрағым,
Ұзағынан сүйіндірсін тұрағың.
Өмір – тұлпар, біз шабандоз бәйгеде,
Білмегенді ұялмастан сұрағын.
Аманғали, Олжас, Жайық, біз ұжым,
Ортамызда сезілмесін бір ызың.
Ізетті боп, қадірлеңдер барында,
Ата-ананы, ағаларды, қос қызым.