29.08.2022
  154


Автор: Талғат Орманов

ТӘУБЕ СӨЗ

Әңгіме айтам үсті-үстіне қызына,
Талай көңіл қалатындай бұзыла.
Шындық жайлы мендегі ой басқаша,
Тұрма баурым мүләймсіп, сызыла.
Қажет емес мені мақтап кетуің,
Маған керек бірге белес өтуің.
Байлық-мансап еріген мұз қолында,
Мақсат айқын, қажет соған жетуім.
Саналы ой шығып жатыр саралы,
Иманды сөз жүрекке ем жаралы.
Секілді еді, үндестік бар арада,
Байқайсың ба үзіліп сол барады.
Қызған шақта айтқан сөзің қалаулы,
Ой тастайсыз, жыр оқисыз алаулы.
Ертесіне өткен күннен жұрнақ жоқ,
Аң-таң қалам, Сіздей жан да болады.
Соңғы кезде аузымда сөз-шүкірім,
Біссімілләмен оңалуда пікірім.
Жаратушым жар бола гөр - бір Аллам,
Қу тіршілік құлқыныңа түкірдім.





Пікір жазу