ҚОС АРУ
Бір сөз арнау қос Аруға керек-ті,
Бантик таққан кезден олар бөлек-ті.
Бастап орыс, тастап бізге ауысқан,
Зүбайра қыз болып шықты зерек-ті.
Ер мінезді Мақпал сұлу-көрікті,
Құдайым да рең аямай беріпті.
Жүгіргенде бір оталса тоқтамас,
Орта мектеп абыройын сеніпті.
Райханменен ажырамас бастары,
Майра менен Қалима боп достары.
Ерубаев мектебінде жаңалық,
Болса болды, солар алғаш қоштады.
Бойжеткендер көкжиекті ойлайды,
Балғын шақтың қызығына тоймайды.
Қос өрілген бұрымдары сезім-сыр,
Сабақ үсті балдар тартып ойнайды.
Содан кейін басталады айқай-шу,
Астан-кестен сабақ ұмыт, болар ду.
Апай-ағай араласып басылар,
Белгілі ғой кінәлілер еден жу.
Ойын қуған бозбалалар ендігі,
Бір күн оқып, қос күн жүрер белгілі...
Білім керек,- деп шарқ ұрған ұстаздар,
Ұрсып тұрып, үміт артар – кеңдігі.
Екеуі де маған бауыр-туысқан,
Бақ пен ырыс шығармаған уыстан.
Закираның жылы сөзі жан-жалау,
Кезіміз жоқ арамызда ұрысқан.
Оның бәлкім Төлбас шығар тірегі,
-Ал, апалар,-деп әзілдеп күледі.
Қосағымыз Кәмшат, Ләззат тақ тұрып,
-Қыздар төрге шықсын,- деумен жүреді.
Ұзатпайық кездесулер арасын,
Қос аруым құлпырып ап барасың.
Көп көрмесін осы күнді бір Аллам,
Ізгілікпен тапқан дәйім жарасым.