29.08.2022
  887


Автор: Талғат Орманов

АҒАҒА САҒЫНЫШ

Секілді еді бұл өмір маған тегіс,
Жалыңды жақ сезбеппін болса еңіс.
Жүрген кезде жалғанды белден басып,
Кеттің аға бұйырмай қырық сегіз.
Татып алмай мен кірдім мүшел жасқа,
Бәрі жетеді, дастархан толы асқа.
Мақсатың профессор, доктор еді,
Талаппен жеттің Алла берген жаста.
Өміріме оңаша есеп берем,
Жақсылығын Азат ел гүл ғып терем.
Әулеттің ертеңіне алаңдаймын,
Сондықтан да ұрпақ үшін өлең өрем.
Түсімде әкем ойға ой қосады,
Риза көңілі анамның тез босады.
Сегіз қырлы бір сырлы тек өзіңіз,
Жайдары,- дейсіз алдан бақ тосады.
Аман бол, ұлдарыңмен өсіп-өнгін,
Мақсатқа жет үмітпен шөпшек көргін.
Ұлттың қамы әрдайым алғы кезек,
Інілерге бір мезгіл көңіл бөлгін.
- Деген ағам жан сырды ақтарады,
Өзіңмен ел жан аға мақтанады.
Әке есімі беірліп мекемеге,
Бата алып ауылдан, бақ қарады.
Аман болсын әрдайым, Аза жеңгем,
Өзіңізбен әулетім өсіп-өнген.
Бақытыңды жылатып алған Құдай,
Жақұтыңды Бақтияр күліп берген.
Елдос, Дастан, Сұңқарың самғар әлі,
Әке салған әнін де жалғар, пәлі.
Абыройлы апасыз Аза- әже,
Атағанда әулеттің кетпес сәні.





Пікір жазу