НАҒАШЫ
Етек жиып, ес тоқтатып елімнен,
Жиен болып нағашыға келіппіз.
Ат ізін сап, орын алып төріңнен,
Қостұрада әпкеңізден өніппіз.
Келістіміз, қас қосылған қияқты,
Ән мен жырға бөлесек жұрт қарайды.
Нағашыға тартқаннан соң ұят-ты,
Бөлемесек жаншуаққа маңайды.
Ішіп-жеуден шаршаған бұл жиендер,
Ұлт тірлігін, ұрпақ жайын толғайды.
Нағашымыз «Темір» деген киелі ел,
Салт-дәстүрді келешекке жалғайды.
Саттар көке, асқан дәйім бағың шын,
Қосағыңмен Балатайдай қоса ағар.
Әкем, ағам көзіндейсің нағашым,
Қай кезде де жиенің бар қарсы алар.
Әкім болдың, жақын болдың халыққа,
Елдің қамын бүгін күннен ойлайық.
Тәуелсіз ел, төтеп беріп нарыққа,
Дәулетті елдің салтанатын тойлайық.
Сағынамыз, жол түспейді өзіңе,
Тұнық-мөлдір, тілектес көз қарасы.
Қағынамыз кездескенде көсіле,
Үзілмесін қимастық сөз арасы.