ТАЗАЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ
/Тыл және еңбек ардагері Халық Әбуұлына/
Күйкі тірлік күйбеңіне бір күймей,
Байлық жайлы, мансап жайлы ой түймей.
Өтті кеше арамыздан бір көкем,
Зуылдақ пен байшыкешке бас имей.
Көргені көп жүрек маздап жанады,
Адам-надан «дүниеқоңыз боп» барады.
Құлып салмай шаңыраққа меймандос,
Болған Халық, сол пейілмен қалады.
Есте сақтар оны жақсы білгендер,
Шырқыратқан шындығына күлгендер.
Тірісінде қадіріне жетпеген,
Амалсыздан ағайын боп жүргендер.
Байлық-мансап жат еді-ау жанына,
Тартса деймін ұрпақтарым қанына.
Орманов боп туылғансың тау Тұлға,
Шүкір, - деуші ек Халық ата барына.
Бақи оздың тазалықтың тұғыры,
Тексіздердің сенен шыққан ығыры.
«Өрт-тілсіз жау» жоқ қылады бір күнде,
Деген сөзің – Сізден қалған ғұмырлы.
Атам Әбу оралмаған майданнан,
Садық, Ғани, Күлзипа да ой толған.
Жамал менен Бегімкүлмен өрісті,
Шүкір, әулет ұрпағымен жайқалған.
Мұхит бар да Қайсарың бар Мұхтарың,
Иманды іспен көбейіп тұр ұққаным.
Гүлнар менен Баймаханмен келісті,
Халық ата шырқап шыңға шыққаның.
Мағынасыз бір әңгіме айтпаған,
- Жанға тисе тек өзіме айт маған.
Деген көкем өтті өмірге тиімсіз,
Патша көңіл алған беттен қайтпаған.
Ақын сөзін өргендей ме ағыла,
Жаралғандай көкем Бегай бағына.
Жеңгем кетті... өзге жұртқа үлгі боп,
Жетімсірей жеттің бе екен, сағына.