29.08.2022
89
Өзің барда тапқан өмір жарасым...
Өзің барда тапқан өмір жарасым,
Жан шуағым, бар қуатым анашым.
Артық кеткен есерсоқтау шақтарым,
Жұлын құрттай жейді ұлдың санасын.
Түздің ұлы келмей үйге кешінде,
Қонбай кеткен «қаңғыбасың» есімде.
Серілікпен шарқ ұрғаннан түсіндім,
Ел мен жұртпен бірге жүріп өсуге.
Қадірін ап қу мен сұмның, қастың да,
Азат елде қарсы тұрам тасқынға.
Сезгендеймін шын жұмақтың жатқанын,
Енді ғана табаныңның астында.