29.08.2022
  159


Автор: Талғат Орманов

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ҰЛЫМЫН

Сағыныштан сарғайғандай көңілім,
Ұзақ ғұмыр бере көрші Тәңірім.
Ұлт тірлігі, Отан, Ана, Туған жер,
Саған ғана арналады өмірім.
Тек сыйластық жеген құрттай жұлынын,
Самал желмен лүп еткен қыз бұрымын.
Түсірген ұл ақ қағазға шимайлап,
Қиял қуған сезімнің бір құлымын.
Даласында қалықтаған жыр-әні,
Салт-дәстүрлі Наурыз тойы қыр сәні.
Күнгей менен Теріскейді тел емген,
Бағы жанған қазақтың біз қыраны.
Тәуелсіз ел таланттымыз-тіріміз,
Азат жұрттың, ғажап ұлттың үніміз.
Ақан Сері, Біржан салдың сарқыты,
Арманы бай қазақтың бір ұлымыз.





Пікір жазу