29.08.2022
159
БАР БАҚЫТ АЛДА КӨРЕРІМ
/терме/
Арайлап атқан таңдарым,
Аман бол, туыс, жан жарым.
Сіміріп болып сіңірдім,
Белгілі енді самғарым.
Салсаңдар топқа тік жарам,
Болмасын елде дүр-дараң.
Ұлтжанды ұл ел біртуар,
Тілектес елге сырт алаң.
Жасымнан жырлар жаттағам,
Шындықты айтып, жақпағам.
Бір Аллам пайым берген соң,
Алған да беттен қайтпағам.
Қараны ақ деп айтпадым,
Қазағым, ойлар айт қамын.
Әруаққа құран бағыштап,
Бет сипап ұнар қайтқаның.
Сыпайы мінез сыралғы,
Жегжаттың жақсы-ай жырағы.
Ұрпаққа айтар тағылым,
Отан сүй, жас бол қырағы.
Балалық қалды шақтарым,
Күтеді саябақтарым.
Тәңірім ғұмыр сыйласа,
Белгілі үміт ақтарым.
Адамға сәлем берермін,
Ұлт қамын ойлап жебермін.
Ұрпақтар сенім ақтаса,
Бар бақыт сол-ай көрерім