29.08.2022
  91


Автор: Талғат Орманов

БОТА КӨЗ

Қарасың қандай,
Қаққандай таңдай.
Толғантқан сезім,
Ұшырды самғай.
Ботадай көзің,
Бұлқынтып сезім.
Ұнатып қалған,
Жаным-ау Өзім.
Жазылған маңдай,
Періште жандай.
Табиғи тылсым,
Әуенің балдай.





Пікір жазу