29.08.2022
196
САҒЫМ-СҰЛУ
Таң себелеп атқанда,
Қолаң шашың желбіреп.
Сәлем деп тіл қатқанда,
Қалдым үнсіз елжіреп.
Алуан түрлі өзіңе
Қырдан гүлдер теремін.
Ғашық ғұмыр көзіңе,
Жыр-самалын өремін.
Ауыл маңы кеш түссе,
Жамыраған қозы-лақ.
Ерке самал жел ессе,
Бұлақ жақтан мені тап.
Ай нұрлы арайлым,
Мүлгіген сан жұлдыздар.
Жолыңа қараймын,
Шалғайда жаным сыздар.
Бал сезім тербеп,
Салғандай өрнек.
Ән болып өрілдің,
Шаттық жыр кернеп.