29.08.2022
153
АЯУЛЫМ
Жүзіңе қаяу-мұң,
Түсірмей, жаяу мың.
Шалғайдан оралам,
Сағына аяулым.
Сертіңе жарадың,
Жолыма қарадың.
Бау-бақшаң көрікті,
Бағбанға баладым.
Жан сырың арбайды,
Талайға Жар қайғы.
Өзіңмен аяулым,
Бақ құсым самғайды.
Ең ыстық қымбаттым,
Бір сен деп тіл қаттым.
Баянды өзіңмен,
Бұл өмір сымбаттым.
Беріксің төзімге,
Ақшуақ сезімге.
Тым ыстық жанұям,
Оралам өзіңе.
Тағатсыз тіл демей,
Түн демей, күн демей.
Бәрін де аяулым,
Ұқтырдың үндемей.