29.08.2022
  97


Автор: Талғат Орманов

ҮКІЛІ ДОМБЫРА

Дархан дала жетті бізге,
Күшіменен білектің.
Сіңіргенсің санамызға,
Үнсіз сырын жүректің.
Нұр-атаның жан серігі,
Қасиетті домбыра.
Шаттық сыйлап халқымызға,
Көңілдерге гүл ектің.
Күмбірлеткен санамды,
Қос ішекті домбыра.
Нұрғиса күй-аңызбен,
Шерткен сырлы домбыра.
Дүбірлеткен даламды,
Қос ішекті домбыра.
Қоңыр қаздай қобызбен,
Үндес болған домбыра.
Нұрғис ата жырлаған,
Қос ішекті домбыра.
Күллі әлемді шарлаған,
Қасиетті домбыра.
Халқым сүйіп тыңдаған,
Сырлы ішекті домбыра,
Сенсіз думан болмаған,
Өсиетті домбыра





Пікір жазу