ҚАРА ҚЫЗ, ДАРА ҚЫЗ
Өткен күннен қалғандай өмір сызы,
Мерей үстем бүгін күн жарқын жүзі.
Айтқанынан қайтпайтын бір кемпірдің,
Болған екен ағайын дара қызы.
Балалық шақ балдәурен өткені анық,
Апақызы көрінер жұртта жарық.
Ешкім келмес бетпе-бет, қарсы тұрмас,
Және бұған ауылда бар жұрт қанық.
Сұм соғыстан оралмай шалы кеткен,
Нағыз батыр тылда жүр қызын өпкен.
Таң атпастан кетеді ұйқы сергек,
Биік ождан ар-намыс шіркін неткен.
Өткен-кеткен күндерін саралайды,
Ауыл тегіс заттығын бағалайды.
Кіп-кішкентай қара қыз – бұйра шашты,
Тәкәппар жиен жүрек жаралайды.
Тәрбиесін немере қолға алады,
Тәжірибесін өмірлік қолданады.
Қанша қарап пысықтық танытқанмен,
Шомылуға қара қыз жоғалады.
Іздеп-тауып сыртынан бақылады,
Қылығына қызының сағынады.
Күн өтеді қайтайық үйге бастан,
Десе қашып бұйра шаш қағынады.
Сол кемпір де бақилық бүгін жалған,
Не күтеді алдамшы өмір алдан.
Сарғайған жапырақтай бәрі де есте,
Тектілік сарқытындай бізге қалған.
Базаркүл жадырайды қиын кезде,
Көмбе бар, қазына көп мына бізде.
Жазғаны оқырманның ұнап жатыр,
Дегендей келер күннен үміт үзбе?
Қосағымен кіргендей берекесі,
Әлиасқар қамқоршы ел еркесі.
Үмітпен жаншуаққа қол созады,
Жадырай күлсе болды Жанеркесі.
«Шұғыла» басылым-да көңлі тасып,
Бас редактор игі іске болған асық.
Курстастар жан-жақтан қаумалайды,
Бақыт осы, баянды оған ғашық.