29.08.2022
  96


Автор: Талғат Орманов

ЖҮЗДЕСУ

Еске алып өткен күнді аялайын,
Бозбала шақ баурайына саялайын.
Қақ бөліп қара нанды жеген достар,
Жайлы бүгін оқырман баяндайын!
Қожахмет пен Қалдыкүл, Аман мырза,
Басын қосып бір күні вешір құрса.
Деп дәметіп жүргенде хабар келді,
-Шай ішеміз сенбі күн,- болдым риза.
Студент шақ қызықты еске алсақ,
Дархан жүрек, ойда жоқ ешбір мансап.
Қос жігіт масаң күйде дарылдаған,
Жатақхана жаңғыртып айқай – Созақ.
Әбуовты үлкен деп ағалаймыз,
Емтиханда көп тыңдап бағамдаймыз.
КазГУ-град Абуян атап кеткен,
Староста еңбегін бағалаймыз.
Адамдардың мен білсем сірә парқын,
Көрікті Қалдыкүл қыз ашық-жарқын.
Жігіттерден сөз айтар қымтырына,
Созақ,-деген достардан қысылатын.
Жан досы болып кеткен Қожан шырақ,
Команда берсе болды дәл келіп тұрады.
Жиырма үш жыл Жезқазған, төрт жыл Тараз,
Елге оралды Әбекең мойын бұрады.
Өз қызығы өзімен өмір неткен,
Біраз уақыт кездеспей текке кеткен.
Қосылғанда оңаша айтар жай көп,
Кластастар ән салды әсем неткен.
Сақта құдай біреуге бағыныштан,
Өркенді елді көре алмай көрші-дұшпан.
Қай өлкеде тұрсаң да аман жүргін,
Айырмасын достарым сағыныштан.
Қалдыкүл сұлу төрт жыл қой да баққан,
Слетке делегат боп жұртқа жаққан.
Исполкомда зампред болған тұста,
Өзекті мәселелер шешім тапқан.
Қазір де сол бір сұлу, топта озат,
Берекесі баянды, болмай мазақ.
Бауырларын демеген қиын шақта,
Азат елде биікке қолын созады.
Мейрамкүл келісті дос жарқылдаған,
Бақыткүл мен Зияш жоқ тоңқылдаған.
Отырыста ұлағат білген жанға,
Қандай жақсы ақпейіл аңқылдаған.
Ата-дәстүр сақтаған болса келін,
Гүләйімдей сыйласын түскен жерін.
Қалдыкүлдей әпкесін аяласын,
Шық жұқтырмай қадірлеп биік төрін





Пікір жазу