29.08.2022
  148


Автор: Талғат Орманов

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚЫРАНЫ

/Исмат Тұрсынқұловқа/
Шабыт берсе бір Аллам өлең өрем,
Елу жастан жетпіске сәлем берем.
Одақ тұсы жас тілші тәлім көрген,
Тұрсынқұлдың ұлына көңіл бөлем.
Бейнетті шақты ойласаң көңіл сыздар,
Арыстанды – Қарабас соққан ызғар.
Жалынды жігерлі кез аға жаста,
Елге атқарған тірліктен қалған із бар.
Жылы лебіз жиі айтады жарыңызға,
Күлзи жеңгей жаралған бағыңызға.
Парасатты-зиялы аға тұтып,
Тәуба,- дейміз Исеке барыңызға.
Байдулла ағам әзілдеп ағылады,
Құрдасын сәл жоқ болса сағынады.
Әулетте өз орны бар Ендібаев,
Жолдыекең Бауырым,- деп жарылады.
Тағдыр салса басқа іс өмір ыстық,
Сын сәттерге қым-қиғаш талай түстік.
Азаматтық ар-ождан сақтаған соң,
Қазанында тіршілік қайнап-пістік.
Асанбай Асқаровтай тұлға – дарын,
Қиналғанда «аһ» ұрып ұқтың зарын.
Фатимадай жан-жары шүкір- риза,
Мақтаныш етті Сіздей шәкірт барын.
Тапа нан тәтті пісер болса тезек,
Сары майға шылап жесең талмас өзек.
Өмір жолың өнеге жастарға үлгі,
Аға жастан дана жас алсын кезек.





Пікір жазу