29.08.2022
99
САЛМАҚ
Биік мақсат арманға жетелеген,
«Талаптыға нұр жауар» алабөтен.
Елең қылмай етекте ебелекті,
Құзар шыңға қыран боп жетер ме екен.
Жасымнан ағаларды көкелегем,
Жақын тұтып, пір тұтып көкем деген.
Орта жолда аңдамай сыр бергенде
Тәлім алам деп талай жақындағам,
Кім ойлаған қолдар деп Батыр бабам.
Сырттан мылжың, балаған қаңғыбасқа,
Ел сенімін ақтар деп ақын балаң.
Берді пейіл ақжарқын аңқылдаған,
Алмас берен біз болдық жарқылдаған.
Аллам жар боп сергектік, саулық берсе,
Тұңғиықтан сырлы сөз сарқылмаған.