29.08.2022
  102


Автор: Талғат Орманов

МҰҚАҒАЛИША

Қадіріме жете алмас туыстарым,
Сезесің бе, арқамның құрысқанын.
Күйкі тірлік күйттейсің, бөлек әлем,
Түсінбейсің,-деп мені тырыспадым?
Ойларыңды сеземін туыстарым,
Пешенеге жазса пұл-уыстадым.
Шақырғаннан қалмадым көрік бердім,
Жиыныңда шу шықса қуыстандым.
Мендей болсын ойлар жан туыс қамын,
Тартып жеген жайым жоқ туыс нанын.
Болған соң басты мақсат әулет қамы,
Қаламаймын араның суысқанын.
Жиналғанда дұрыс қой ұрысқаның,
Ақыл айтып, шындыққа тұрысқаның.
Алла берді өткір тіл, қолға қалам,
Талантымда болмасын жұмыстарың.





Пікір жазу