29.08.2022
  160


Автор: Талғат Орманов

БАҒАЛАЙЫҚ БАРЫНДА

Ұрпақ үшін қараөлеңді жазамын,
Азат елім, шалғай ауыл қазақы үн.
Дүбаралар ұлт ұстынын ұмытқан,
Тілден жұрдай, бәлкім тартар азабын.
Жылу сезем желтоқсаннан – қысыңнан,
Кездерім жоқ ұлтым үшін қысылған.
Атамекен – Отан, Анам болған соң,
Жыр шумағын, рухты оймен ұсынам.
Соғыс, Жеңіс қырандарын шыңдаған,
Майдангерлер асқақ рухы сынбаған.
Елеусіздеу қалған тұста назардан,
Ұзақ таңдар әңгімесін тыңдағам.
Өз еліне жапқандай-ақ жаласын,
Шөбере үшін аз айтпайды наласын.
Үй сұрайды, жәрдем күтеді әдетпен,
Билік бүгін, біліп пе екен бағасын.
Өткен шындық, тырнамайық жарасын,
Сабыр, сабыр, жалғайық сөз арасын.
...Тоссақ бес жыл елеске де айналар,
Шақ та туар, ететін сөз қарасын.
Айқайлайды атқамінер жарыла,
Соңғы көштер... қарсы алғандай сарыла.
Өмір-өзен дегендейін жарықтық,
Құрмет тұтып, бағалайық барында.





Пікір жазу