29.08.2022
  143


Автор: Талғат Орманов

ТЕКТІЛІККЕ ТАҒЗЫМ

/Халық қаһарманы Бақытжан ЕРТАЕВҚА/
Батырлықты серік етіп жанына,
Дақ түсірмей ожданы мен арына.
Бабалардың соқпағымен келесіз,
Тәубе,- дейміз Бақытжанның барына.
Ерлік дәстүр ешқашанда тыйылман,
Жау шапқанда біз дайынбыз қиырдан.
Бейбіт шақта қырық ру боп қырқысқан,
Атам қазақ «Аттан» десе жиылған.
Ордабасым соның жарқын айғағы,
Төле, Қазбек бәтуаның Әйтеке би қаймағы.
Биыл 100 жыл Бауыржандай бабама,
Өлең туды «Ерлік дәстүр» ойдағы.
Басқыншылар сөзін бастан асырман,
Деп жауына бес қаруын асынған.
Отаны мен туған жерін сүюде,
Қазағынан еш сыры жоқ жасырған.
Батыр баба әр қадамы терең-ді,
Деген сөзі толғандырған керең-ді:
- Ұлттық рухсыз пендешілік құлысың,
Өскін ұрпақ кеңейте түс өрең-ді.
Азаттықты құрметтей түс, қарағым,
Отанды сүй, қайраттанып барамын.
Бауыржанды тағы оқы, зерделе,
Ертаевты үлгі тұтсаң жарадың.
Қисаңдама қиын шақта қалсаң да,
Отан үшін отқа жанды салсаң да.
Тектілерге Аллам жар боп жүреді,
Нұр-ағадай Өркениетке алшаңда.





Пікір жазу