29.08.2022
  85


Автор: Талғат Орманов

Тоқсан төрттің Күз еді, күрең өңді.

Тоқсан төрттің Күз еді, күрең өңді,
Дүр сілкініп, кең далам түлегенді.
Жатқан - Арыс, оянды, жарты ғасыр,
Қайта оралды қайраткер, білем енді.
Тәуелсіздік таң арайы шашқан күн,
Кеш жаңғырдың, кеш танылдың асқақ үн.
Әлі-ақ әлем, шабысыңнан аңдайды,
Бой бермеген алпауытқа, асқар шың.
Тастүлектей биікке баптанамын,
Сұлтанбек боп, жан сырды ақтарамын.
Жүз жылдық мерейтойдан хабар жасап,
Тамшы болғам теңізге мақтанамын.
Ақсүмбеде, Шолаққорған мекенде,
Мұражай тұр, ескерткіш тұр екен де.
Тәшкен асқан кезіңнің белгісіндей,
Той өткердік, атындағы көшеңде.
Өзбек ағам сөз алып, сыр ақтарды,
Хабар етті, төзген талай сынақтарды.
Көше Ленин, аталғанда Қожанов,
Ақсүмбелік ағайындар жылап қалды.
Білімсіз жас өркенім аяңдайды,
Ұлттық тест тәуір жайды баяндайды.
Төле би, Шымыр баба ұрпақтары,
Тәу етуге, бүгін еркін бара алмайды.
Жәрдем бер, - деп пана іздеп ағылады,
Сан ұлт өкіл, сынған жоқ сағы әлі.
Сіз аңсаған, меймандос ақпейіл жұрт,
Барын асып қонағына, жарылады.
Бейбіт елміз, әлем көзбен қараған,
Табысына Шығыс тәнті, бар адам.
Елбасылар, бүкіл діндар бас қосты,
Астанамда дәнекерге жараған.
Көрші қыңыр, азаймай тұр байбалам,
Ұлт ертеңі, не болар деп, - ой алаң.
Аллам жар боп кезенгеннен сақтаса,
Азияның барысына айналам.





Пікір жазу