29.08.2022
  256


Автор: Талғат Орманов

ӘПКЕМЕ!

(Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері
Аягүл Төреқызы МІРАЗОВАҒА)
Ұлтжандымыз, елгезек таппас тыным,
Азаттықпен нұр шашқан Арай күнім.
Тәлім алған тектіміз Құттық баба,
Әруағы дем берген біз бір інің.
Жібермес бәйге бұзсаң аттың тері,
Қас-қабақтан ұғатын інің Сері.
Бас иеміз мақтана әпкеміз деп,
Тұңғышы Тәуелсіз ел Еңбек Ері.
Орайы келмес тірлік күткенімен,
Жейде бітпес қыстай жүн түткенімен.
Белгі қойдық бабаға арман еді,
Үлгі болды шежіре біткенімен.
Алып ұшқан көңілім, тірлік қандай,
Күнгей мен Теріскейім қаққан таңдай.
Тоқсан жасқа Төре атам толған асы,
Жарқын тірлік маңдайға жазылғандай.
Жездемізбен келген бақ биік қонсын,
Төреқызы өнегең тасып-толсын.
Елбасыдан марапат бауырларға,
Алған орден жездеме құтты болсын.
Ақын - әлем көкжиек қиялдаймыз,
Қиялмен кең дүниеге сия алмаймыз.
Тек сөз жәрдем пендеңе жетпей жатыр,
Оң көзбен қарашы, әпке, ұялмайсыз.





Пікір жазу