29.08.2022
152
АТА ЗАҢЫМ АРАЙЛЫ
Тәуелсіз ел келемін жүріс ширақ,
Самал сезбей талай жүр жанды қинап.
Біз сарқыты білгенге ата-баба,
Армандары сан мың жыл қалған қирап.
Ескіні есте сақтап жаңғырармын,
Өркендеген қазаққа таңғалармын.
Желбіреген байрағың-әуелеген,
Шырқалуда әлемге Әнұраның.
Секілді еді еркіндік алмас қамал,
Ата Заңмен соқты ғой жайлы самал.
Азаттықпен қалмады «Азияның-,
Барысы» атанудан басқа амал.
Арайына Ата Заңның тоймағын,
Нұр-ағадай бастаған іс қоймағын.
Қазағыма мерей әпер келер күн,
Өскін ұрпақ Отаныңды ойлағын.
Тіл мен ділім ұлттық рухтың жалғасы,
Тарихымда белгілі өшіп қалмасы.
Бәтуа мен бірлікті ойла бауырлар,
Бейбіт күн мен бәрі Ата Заң арқасы.