ҚЫС АЙШЫҚТАРЫ немесе балалық шаққа саяхат
Суық түсіп, жан мұздап,
Тұрсаң түсте КҮН шықпақ.
Қар атысқан балалар,
Шатырларға сән мұздақ.
Жаурайды қол тыз-тыздап,
Қар тиген жер тұр сыздап.
Сырттан қарап ақын тұр,
Көрген жайдан жыр жазбақ.
Айнала аппақ, ақ өңір,
Көңілден бір КҮЙ төгіл.
Суық шалған шырай бет,
Барлық бала ақкөңіл.
Тайғанақтап құлайды,
КҮЛІП тұрып, жылайды.
Қыс мезгілі базарлы,
Балалармен шырайлы.
Қырдан төмен сырғанап,
Әуезді әнмен ырғалат.
Айқай - шуы салтанат,
Тарқамайтын сырғанақ.
Құлап-тұрды «е-мейлі»,
Неге итердің? - демейді.
- Шайың дайын, болды енді,
Десе де үйге кірмейді.
Баппен, жайлап сақтана,
Соғып жатыр шаттана.
Қараңғылық қаптаған,
Тұста бітті Аққала.
Ғажап мейрам, қызық ду,
Етік шылқ-шылқ, шалбар су.
- Үсті-басың малмаңдай,
Дейді анасы, «өзің жу».
Келген жан тұр абдырап,
Мұрнын тартып, қалжырап.
Қиял— ойы, ертегі,
Кетті ұйқыға балбырап.