29.08.2022
109
Қалалықтар тіршілікке көнеді...
Қалалықтар тіршілікке көнеді,
Таңғы жеті, жарық жаппай сөнеді.
Тазалықты сақтап көше сыпырған,
Еңбектері жалақымен еленді.
Қақаған қыс, салқын көктем, ыстық жаз,
Шаруаның әңгімесі қыстау-баз.
Уақыттың құлы болған талайлар,
Қолы тимей жүрген шағын қылар наз.
Ата дәстүр сақтап келген көнеден,
Атам қазақ азаматын елеген.
Жиын-терін, сары ала күз сағыныш,
Жыр моншақтан саған жазған көрем мен.