29.08.2022
  73


Автор: Талғат Орманов

ЖАЗ

Шуақпен арайлы,
Таң күліп атады.
Төрт түлік маңайлы,
Жамырап жатады.
Құлындар көгенде,
Қаз қатар байланған.
Бесбармақ жегенде,
Көңілдер жайланған.
Қозы-лақ балалар,
Қырқаға айдауда.
Береке – аналар,
Дейді ғой жайлауда.
Балалар ойында,
Өзенге шомылу.
Сондай-ақ мойында,
Қойларды тоғыту.
Тікенек табанға,
Аямай кіретін.
Кең дала, алаңда,
Ақсаңдап жүретін.
Арада пысықтар,
Болатын қағынған,
Бетке айтсаң, ыстықтар,
Әзілге ағылған.
Бүгінде сол достар,
Шашы түскен басынан.
Билікте көш бастар,
Мерейлері тасыған.





Пікір жазу