29.08.2022
  108


Автор: Байыт Қабанұлы

Жандай едім сауық-сайран тойға ғана жаралған

Жандай едім
сауық-сайран тойға ғана жаралған,
Адам біткен шақырып кеп ап кетуші ед үйімнен
де алаңнан.
Енді бүгін сұраушыдай халде жүрмін
нан дәметкен сараңнан,
Әуіремін арыла алмай
думан салған жарамнан.
Думан деген ол дағы бір өңі басқа
у екен ғой білгенге,
Запыранды зар жиналып жатады екен күлгенде.
Күн өткенде есеп беру керек екен
ертең келер күндерге,
Жығылуға дайындық қып жүреді екен
мына адамзат жүргенде.
Бір адамға жақсылық қып жатқаныңда
енді біреу жамандыққа қамданып,
Жайсаңдығың алып бара жатады екен
құлама құз жарға алып.
Жігіттікке жібі үзілген жігерсіздер арланып,
Батырлыққa бағы өшкендер тісін қайрап
жүгіреді балға алып.
Неменеге таңырқаймын,
сендер дағы таңданбаңдар.
Талғаңдар:
Адам деген ішіп жеуге,
ашкөздікке талғамдарын малғандар.
Көңіл деген еш толмайтын дорбалар мен
еш қанбайтын талғамдар.
Өмір - деген азап, бейнет,
ал адамдар -
азапарқа талықсыған талған нар.





Пікір жазу