29.08.2022
128
Толқытып дарыным...
Толқытып дарыным,
Күйдіріп жалыным,
Жер жақын ашылмай адымым,
Басылмай арыным,
Көсіліп жазылмай бауырым,
Таусылды сабырым.
Кетер ме ем алысқа,
Шеңберсіз кеңістік ғарышқа.
Сол жерге әлемнің ең озық
дарынын жинап ап,
Қалтқысыз түсер ме ем жарысқа.
Салар ма ем
өзімді армансыз шабысқа.
Еске алмай еңіс пен өріңді,
Төгер ме ем тебінгі терімді.
Мойныма көтеріп қазағым елімді,
Тарқатып тығылған шерімді,
Көрер ме ем ең соңғы шегімді.
Содан соң ап-ашық айқасқа шақырсам,
Пенделер қорқатын өлімді.
Па шіркін дариға, дүние ай,
Қолыма бір берші со күнді.