29.08.2022
  119


Автор: Байыт Қабанұлы

МЕН ҚАЗАҚПЫН

Мен қазақпын
қазақ деген қасиетті қалың елдің
ақыны боп жаралдым,
Ұлы Абай, ер Махамбет,
мұңлы Мұқағалилардан нәр алдым.
Аспан көкті иықтаған
Бестәңірдің дауылына өртеніп,
Қыран тағдыр иесі боп
Тастүлектей тарандым.
Мен қазақпын
әлмисақтан қазақ деген атым бар,
Талғамы бар адам болса
тәтті жырды ағызамын
таңдайға сап татыңдар.
Қазақ деген ұлы елімнің
қуанышын, қайғысын,
Барша әлемге бүтінімен жеткізбесем
ақын болып не қыламын,
атыңдар!!!





Пікір жазу