29.08.2022
  93


Автор: Байыт Қабанұлы

ШАРАСЫЗ ЖАЛҒАНДЫҚ

Бұл өмір бәрінде қалдырар, қалдырар артына,
Кетерміз біздер де, сіздер де
жанарда шаң тұна.
Зар тұна жылармыз,
келмейді өткен күн қалпына,
Артына қалдырар жел тиген шамдайын шалалық
шалқыма.
Шара жоқ жол бұлғақ, қол бұлғап кетерміз,
Кетерміз белгісіз, шерлісіз мекенге жетерміз.
Ізіміз қалмайды, түзіңіз жалмайды, бекерміз,
Бекерміз, әйткенмен шара жоқ не нетерміз.
Сұм өмір ынтық қып әкеліп,
қор қылып қайтарар,
Қайтарар,
осыны кейінгі ұрпаққа үрпақтар айта бар.
Сендер де зор болып келіп ап,
тоң болып кетерсің,
Уақыт ұста ғой
мың рет жасаған қылығын
тағы да бір рет қайталар.
Аз күнге армандап
бәрін де алуға қолыңды созарсың,
Аларсың;
біреуден қаларсың, біреуден озарсың.
Озған соң жепініп
жел тиген жалындай қозарсың,
Ақыры жинаған мүлкіңнің
пайдасын көре алмай тозарсың.
Бұл өмір ежелден алдамшы,
оны сол баяғы бабалар ертеден түсінген,
Ішінген, киінген, кішірген сүйінген, толғанған,
жандарын ісірген.
Бәрі бір опасын таппаған,
сонда да киімдер киілген, тамақтар ішілген,
Бүгінгі адамзат сен де сол
ойлан да баяғы опырыл ішіңнен.





Пікір жазу