29.08.2022
116

Көз сұрама көзі соқыр кісіден
Көз сұрама көзі соқыр кісіден,
Сөз сұрама сөзі соқыр кісіден.
Сөз аяма сөз қадірін білетін
Талғамы бар үлкеннен де кішіден,
Сөз асылын түсінгендер - АДАМДАР,
Сөз асылын түсінбеген - НАДАНДАР.
АДАМДАРҒА
сөз асылын жеткізуге жараңдар,
НАДАНДАРҒА аянышпен қараңдар.
- деген талғам ұстанып,
Пендешілік шеңберінен тыс қалып.
Ұшқыр қиял одан әрмен ұшталып.
Көпшілікке көрсетіп бір шебер, епті ұсталық:
Дала берген дархан дарын күшімен,
Таңдап, талғап тәтті сөздің ішінен,
Талай түйін түйіндедім өткір тілдің үшімен,
Кім шешеді тісімен.