29.08.2022
  112


Автор: Байыт Қабанұлы

АҚЫН ДОСЫМНЫҢ “АРТЫҚ” СӨЗІ

Ал Әймен қыз шерге толып көкірегі,
жасқа толып жанары,
Күңіреніп арман еткен аққу мен қаз шуылдаған
аралы.
Аз уақыт ол да үнсіз жауар күннің аспанындай
түнек күндер кешіріп,
Жым жырт болған,
қайтып бізге естілмеген хабары.
Енді міне жиырма неше жыл өткенде арасы,
Бұл өмірдің қанғаннан соң табасы.
Сол Әйбөпе кез келіп тұр
ашылғандай ағы менен қарасы.,
Тағдыр деген хас зергердің шеберіне қарашы,
Ойланбаса кім шешеді
ой астарлап ойластырған жұмбақты,
Мен отырмын ой үстіне ой қабаттап
көз жіберіп Әйбөпенің пісіп қатқан
келбетіне сымбатты.
Еш нәрсенің байып-бабын түсінбеген менің ақын
жолдасым,
Келген жерден күйіп-пісіп
оған былай тіл қатты:
- Ар, намысын
аш қарынның жарлығына тонатқан,
Ақша, алтынның үстемдігі
арманына оқ атқан,
Жалын жастық жайлауына
аяз қыстың ақ боранын боратқан,
Ару саған не айтайын
қоныс күткен қонақтан.
Аcыл жардың құшағында отыратын
ерке тотай бала күн -
Ерте шығып құзғын сынды құрғырларға
ашылады етек, жеңің, балағың.
Екі-ақ сәтке лап етіп сөну ғана талабың.
Сен тілеген
бар, бақыттың түрі осы ма қарағым.
Кезі келген шартық сәурік мойын салар үйірінен
қашқан саяқ байталға,
Кім жақсы ізет көрсетеді
сабырының шырқы кеткен сайқалға.
Адамдыққа құм шаштың да аналықтың жолын
аттап, арамдаққа салындың,
Білесің бе: Салдақылық жарасады сайтанға.
Сен шын әлі көрген жоқсың
ғашықтықпен өткеретін бал түнді,
Бал құшақта жатсаңдағы көкейіңде бақыт емес
ақша деген зар тұнды.
Біреу келді, біреу кетті қалтаң толды –
атың, бетің сарқылды,
Ізетімді ұқ:
«Итсигекке ит сариды, ит ішеді итаяқта
иттен қалған сарқынды»
...Тілектен тыс түктілерді түкпіріңе түнетсең,
Күрпектерге кіреукелі күрделіңді күретсең.
Тұрлаусызға тұрағыңды
тұсау салып тұл етсең,
Адамдықты итке таста
құшағыңды құлқыныңа құл етсең...





Пікір жазу