29.08.2022
100
Бал татыған бал махаббат
Бал татыған бал махаббат
тұзсыз астай тұрлауы жоқ
барша өмірден биік екен шоқтығы,
Топан суды қайнатады-ау оттығы.
Ер Кебекке кез келетін:
“Қара жаратас, хас сұлу қыз,
уақытсыз қара өлім”
Маған бүгін кез келіп тұр,
бас тартуға жігіттігім мұрса берер жоқ түрі.
Ғашықпын мен, шын ғашықпын
жалын отқа өртенуде өзегім,
Абыз маған айтпаса да
алдымда ажал бар әрине сеземін.
Есен батыр намысына қамшы басар,
сұрар менен кезегін,
Бірақ әсте шамам менің жетер емес
өзгертуге махаббаттың өз өңін.
Мен қайтейін ойда жоқта ғашық оты маздаса,
Жапал бауырым ол да келер
хабар алып ағасынан азбаса.
Абыз атам бар әрине
«ТЕНТЕГІМ» деп мен жағыма шығатын,
Қисық Еспенбеттер келіп
қыңыр билік қолына алып
ат құйрығын пешенеме жазбаса.