29.08.2022
136
САҒЫНЫШ
(Ақын бауырым
Насихат Нәбиоллаұлына)
Ақжарқын асыл бауырым,
Амалым бар ма ауылың алыс, ауылың.
Ауылың алыс болғаны кем жоқ, қуанам,
Көңілің жақын сақтаған жарқын тау үнін.
Күндерде мына еңсені басқан еңсені,
Тамағыма тіреле берер
есерсоқтардың семсері.
Осындай міне сергелдең қуған
семсер күндердің ішінен,
Сарылып іздеп, сағынып жүрмін,
сағынып жүрмін мен сені.
Білесің жалған жақсы адамдарлдан
жалығып біткен, жалығып,
Ал біздер сірә күн өткізейік
пендешіліктен арылып.
Табынып емес, жағынып емес, жағынып,
Азамат ерлер бір-бірін үнем
сағынып өтсін, сағынып.
Азамат ерсің талғамың асыл, талғамың,
Талғамыңменен жалғарсың үнем
үзілген жердің жалғамын.
Төлеген жазған
«САҒЫНЫШ» атты өлең бар,
Мен соны саған арнадым.