29.08.2022
  80


Автор: Байыт Қабанұлы

Япыр-ай!

Япыр-ай!
қара түнек мына күннің қабағының қойғанын-ай
ашылмай,
Қаншама күн қара дауыл
соға берді басылмай.
Бұл дегенің емес сірә тосын жай,
Адасқандар құдай қолдап
бір-біріне қосылғай.
Япыр-ай!
Мына өзеннің тасуын-ай өткел бермей
адамға да, малға да,
Ақ көбігін шаша бермей
түссе жақсы ед арнаға.
О, Жасаған, тыныштық бер су секілді
заман «тасып» кетпесін,
Аман болсын қара қатын, сар бала.
Япыр-ай! мына өлкенің биылғы жыл тұрғанынай көктемей,
Гүл бәйшешек өссе жақсы ед ұлы дала
ырыс құтын шектемей.
Тәңірім-ай табиғаттың қуаңшылық, тарлығынан
сақтай гөр,
Адамзатты азулы аң етпегей.
Япыр- ай! Мына заман қандай заман
күннен күнге өзгеріліп баратқан,
Қасқырға емес адамдарды
бір-біріне талатқан.
Бала-шаға, ұрпақтардың жамандығын көрсетпей,
Осылардың алдында алса екен бізді Жаратқан...
- деп сыбырлап жалбарынып жалынып,
Отыратын дуалы ауыз қарттарым-ай
ерте алыстап барасыңдар арамыздан арылып.
Сендер сірә бәрің кетіп қалар болсаң арттарыңа
қарамай,
Мен қорқамын ұл мен қыздар тәубасынан қала
ма деп жаңылып.





Пікір жазу