29.08.2022
  105


Автор: Байыт Қабанұлы

Әділдік пенен шындықтан жаралған елді...

Әділдік пенен шындықтан жаралған елді,
Қу менен сұмдар тонаған заман да келді.
Елім деп туған ер көңіл ірі сезімдер,
Қаралықтардың астында табандап өлді.
Көлеңке қуып біреу бар көп көзден қашқан,
«Сыпайы» мінез, қулықпен
текті елден де асқан.
Көпшілік қауым оларды кешіргенімен,
Құтқарар ма екен кең дала, көбек көк аспан.





Пікір жазу