29.08.2022
89

END
Қарашаның моншағы көктен құлап,
Көңілдің көктемі де кеткен жырақ.
Тараздың күрең күзін сыйлар едім,
Қасымда емессің ғой, әттең, бірақ!
Көп іске куә болдық, өкінбедік,
Өмір-сағат барады бесінденіп.
Қарсы алдыма кеп түсті қос жапырақ,
Сенің қоңыр жүздерің секілденіп.
Күз ызғары көңілде келеді үдеп.
Көңілдің де көнері, сенері көп.
Телефоным әнеки, шырылдады,
Көтермедім...
Сұрама, себебі жоқ!