29.08.2022
  95


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

СЕН

Сен тәрік қып, бақыт- байлық, барлығын,
Қарлығаштай қанат қағып ұшып кел,
Мен отырам жүрегімнің бал жырын
Сақтап сағанШөліркесең ішіп көр…
Сен ұмытып, күйкі тірлік күйбеңін,
Бірақ серме қолыңды.
Алып ұшып келеді деп сүйгенім,
Жүрегіме күттіремін жолыңды.
Сен жұбатып көңіліңді жабырқау,
Жасыма да, жабырқама, налыма.
Жаным аман болса болды, денім сау,
Еш жамандық жуытпаймын жаныңа.
Сене көрші таңымыздың арайлы
Атарына, сен де шомыл нұрына.
Шындығымен тамсандырып талайды,
Қызықтырам махаббаттың сырына!
Сен тәрік қып, бақыт- байлық, барлығын,
Қарлығаштай қанат қағып ұшып кел,
Мен отырам жүрегімнің бал жырын
Сақтап сағанШөліркесең ішіп көр!





Пікір жазу