29.08.2022
98
ҰМЫТУ
Өткеніңді айтқаныңнан не керек,
Көктеміңнен тұрмаса жыр себелеп.
Алты ғасыр махаббатқа азық қой,
Алты-ақ күндік ғұмыры бар көбелек.
Ерте тұрып, көп істерден кеш қалып,
Жүргеннен без, түк бітірмей бос налып.
Менің сені сағынғаным секілді,
Білем, сен де жүрсің мені еске алып.
Кім жеңілді, кетті білмен, кім ұтып,
Сонда-ақ алғам жүрегімді суытып.
Есігіңді жазбай тауып барушы ем,
Есіміңді қалыппын ғой ұмытып!..