29.08.2022
  78


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

КЕЙІП

Көктегі шүйке-шүйке көшкен бұлт –
Адасып, асқар асып кеткен үміт.
Түседі еске бәрі, құстарменен
Жеткенде көк орайлы көктем күліп.
Қайтейін ақ көңілді алып ұшқан,
Көше толған көліктер, сабылсқан.
Бізде не бар, бізде сол – ел мен жерге
Сарқылмайтын тап-таза сағыныш бар.
Сағыныш-дерт, сен соны білмейсің бе,
Қалғым келер кейде осы күз кейпімде.
Сағыныштан шаршаған жүрегімді,
Дамылдатар жер таппай жүр дейсің бе?
Қалғым келер мәңгі осы күз кейпімде...





Пікір жазу