29.08.2022
85
ТҮН
Дала суық, ызғырықҚаңтар түні, мұнартқан.
Тұнық мұңды, түз қылық,
Қимай әрең жұбатқан.
Өкпелеген жүзіңнен,
жәудіреген жас тамса,
Оттай ыстық құшағым,
ұзақ,
үнсіз уатқан…
Ақ лаладан берсем бе,
шаштарыңа гүл қадап,
Гүлдің исі құласа жанарыңа сырғанап?..
Қоштаса алмай көп тұрдық көшелерде қараңғы,
Жүрегіңді сенің де ескі күндер жұлмалап,
Жүрегімді менің де ескі күндер жұлмалап…
Қай данышпан айтты екен –
Жалғыздықты біреу деп,
Жүрген түрім құрысын, сенен төмен жүдеулеп.
Басқа ошақтың кеттің сен тірлік отын лаулатып,
Өзге жанның мен жүрмін өміріне тіреу боп!
Ақша қардан жүрсің-ау,
Ақ орамал тағынып,
Тәтті елеске алданамАуыр ойдан арылып.
Ауыр-ауыр күрсінем, есіме алып өзіңді,
Сосын үнсіз отырам.
Ұйқысыз түн.
Жабығып…