29.08.2022
80
КҮРСІНІС
Бар мен жоқтың сағымына алданып,
Бар мен жоқтың арасында сандалып.
Шайырлардың шаһарына қош айттым,
Көшелерін жататұғын шаң қауып.
Әсем айға айтатындай түн сырын.
Боз жусандар еркелетіп бүршігін.
Қайтқан жолға қарап үнсіз жүдедім,
Жүдегенім – үнсіз ғана күрсіну.