29.08.2022
104
Тағдырдың тисе тисін таяғы ұдай...
Тағдырдың тисе тисін таяғы ұдай,
Демеймін ая Тәңір, ая Құдай.
Кінәлауға қақым жоқ ешкімді де,
Тағдыр ғой қырына алар баяғыдай.
Қараша көз моншағын себелеткен,
Жаныма мен де соны керек еткем.
Тек қана өкінішті жапырақтың,
Қоштаса алмай қалғаны көбелекпен.
Өмір бұл асығыстау, ала шапқын,
Заңы қиын өткен мен болашақтың.
Кеше маған күбірлеп күз ескертті,
Қылауы көбейгенін қара шаштың...
Тағдырдың тисе тисін таяғы ұдай,
Демеймін ая Тәңір, ая Құдай.
Кінәлауға қақым жоқ өзімді де,
Тағдыр ғой баяғы сол, баяғыдай...