29.08.2022
87
ПАРАДОКС
Өмір ме, мен бе, уақыт па мына,
Кім өзі тастап барлығын кетер?
Біреуді іштей ұнатсаң кінә,
Біреуге өте сенсең де бекер...
Жалт ете түсер жалғаның бес күн,
Ұқсастау кейде әдемі сәтпен.
Өзіме-өзім кей кезде доспын,
Өзіме-өзім дұшпанмын, әттең!