29.08.2022
82
КЕШІККЕН КҮЗ
Күндер зулап қарамай алды артына,
Күміс арай тұнады тал басына.
Биылғы көктем, жаз да қошын айтты,
Күз де сенсіз оралды Алматыға.
Мезгіл-керуен осылай көшіп қонар,
(Ал бақыт па, көп болды кешікті олар.)
Өзіңді ойлап оңаша отырғанда,
Қырау қабақ қыста кеп есік қағар.
Күзгі іңірдің бақытын түн қызғанған,
Құтылмадым өзің жоқ мұңды ызғардан.
Басылар жүрегімнің сыздағаны,
Бейішке хат жолдайын жұлдыздардан.
Биылғы күз кешікті құсы неғып,
Бақыт шығар кешіксе, түсінелік.
Ерке әлемнің еркесі, еркетайым,
Сен мені қуандыршы түсіме еніп?!