29.08.2022
  78


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ТАҢ НҰРЫ. СЕН

Айтшы,
Сенде мұң бар ма өзі, шұғылалы таң нұры,
Әлде сені жұбата ма күздің суық жаңбыры?
Сен мұңайып тұрған аумақ –
гүлзары ғой Құлжаның,
Мен сені ойлап тұрған бұл жер –
Мақатаев даңғылы.
Алматының қыркүйегі есендесті қол алып,
Ал, қайың-тал абыржиды бүршігінен тоналып.
Мен жолдаған хатты оқымай
кеттің бе іздеп алданыш,
Мен сыйлаған көк шарфыны мойыныңа оранып.
Беу, таң нұры, мен күлемін, күлміңдеген күлсе күз,
Сағынышым емес еді ол, қайғы-мұңым білсеңіз.
Жаурайды да жабығады, жасытады жалғыздық,
Сенем сізге нұрыңызбен серік бола жүрсеңіз.
Мені қайғы тербемесін, жылатпасын сізді мұң,
Сағынышқа ұйтқы болған ұнатпайды күзді кім?
Иранбақта жыр оқыған сен шығар деп дәл кеше,
Ұзақ-ұзақ тұрдым тыңдап
көк шарфылы қыз жырын.





Пікір жазу